Сыбайлас жемқорлық қоғам дерт

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Дегемен де корупция белең алып тұрған уақыт қазір.Сыбайлас жемқорлық ол бүгін немесе кеше туған нәрсе емес, ол заманның ағысымен бірге өсіп тамырын тереңге салған індет деп ойлаймын. Сыбайлас жемқорлық деген сөзді үнемі естіп, теледидар, газет беттерінен көріп жүргендіктен, оған құлағымыз да етіміз де үйреніп қалғандай. Қазіргі таңда біздің қоғамымызды жаулаған бір індет болып тұр. Адамдардың осындай жайттарды көре тұрып сенімдері жоғалғандығын байқаймыз. Шындық, әділдік деген нәрсеге сенбейтіндей, сенімсіздікпен қарайтындай жағдайға жеткен. Мұның себебі неде? деген ой туындайды.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

«Мен мүлдем жемқорлыққа жол бермеймін»,«мен олардың қатарынан емеспін» деген ой болу керек әр адамда.Қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында осындай сенім болатын болса, болашақта олардан елім деген азамат шығатынына сенімім мол. Ол үшін қазіргі біздің алдымызда отырған келешек ұрпақ азаматтарынан иманды, білімді, сауатты, салауатты етіп тәрбиелесек, бойына осы індетке қарсы тұратындай күш-жігер, намыс, ұялата білсек, ертеңгі еліне адал қызмет ететін азаматтар шығатынына сенімдімін. Әрбір Қазақстандық, әр отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның әр азаматтың іс екендігін түсінуі керек.

Біздің мектебімізде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында іс –шара жоспары жасақталып,сол бойынша жұмыстар атқарылады.

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты эссе жазу 5-сыныптар арасында байқау өтті.Балалар өз ойларын эссе арқылы айтып жеткізді.Сонымен қатар викториналық сұрақтар әзірленіп балалардың өз-өздерінің құқықтарын қаншалықты білетіндіктері де тексерілді.Балалар үлкен қызығушылықпен адам баласының құқықтарын таласа айтып берді.

9-сыныптар арасында «Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет» атты сұхбат сағаты өтті.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Сондықтан да бала күннен бастап Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды, дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көрегендік пен адалдыққа тәрбиелеу керек.

Жанғалиева Алия

"№3 жалпы білім беретін мектеп" КММ тәрбие ісі орынбасары

Жетібай ауылы 

Жарияланған күні: 21-04-2021  



06-05-2021  

"Би падишасы" атты аудандық бишілер байқауы

icon

06-05-2021  

Республикалық " Ақберен" байқауы

icon

05-05-2021  

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫ ҰЛЫҚТАЙЫҚ! Зердебай Бекарыстанұлы

icon

04-05-2021  

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫ ҰЛЫҚТАЙЫҚ! Асанов Қуаныш Сырымұлы

icon

04-05-2021  

«Экология әлеміне саяхат» тақырыбында топтық жарыс сабағы өткізілді

icon

04-05-2021  

Кітапханалық көрме туралы

icon

30-04-2021  

Радиациялық апаттардың салдары туралы тест

icon

30-04-2021  

Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығын атап өту жөніндегі іс-шаралар

icon

28-04-2021  

"Тіршіліктің көзі - табиғаттың өзі" тақырыбында экологиялық апталығы

icon

28-04-2021  

"Экология апталығы" ашылу салтанаты

icon