Директордың жеке мәліметтері

 Муканова  Гульшат Сагинбаевна – 1974 жылы 10 қаңтарда Маңғыстау облысы, Ералиево ауданы, Жетібай   поселкесінде  дүниеге келген.

•1980 жылы Жетібай ауылының №3 орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып, 1990 жылы орта мектепті аяқтады.

•1991 жылы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие»  бөліміне оқуға түсіп, 1994 жылы аяқтады.

•1992-1998 жылдары «Жетібай мұнайгаз» өндірістік басқармасына қарасты «Айгөлек» бала – бақшасында тәрбиеші.

•1998-2017 жылдар аралығы Жетібай ауылының №4 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш сыныптар жөніндегі директор орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, кәсіподақ төрайымы, мектеп директоры қызметтерін атқарды.

•2004-2009 жылдары ақтөбе «Дүние» университетін «Педагог – психолог» мамандығы бойынша аяқтады.

•2017 жылдың 16 тамызынан Жетібай ауылының №3 орта мектеп директоры. 

Жетібай ауылы бойынша «Нұр Отан» партиясының «Жаңа Жетібай» бастауыш партия ұйымының төрайымы.